$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда төрт мың бала қатерлі ісіктен емделіп жатыр

Дәрігерлер дерттің жасарып бара жатқанына алаңдаулы

Қазақстанда төрт мың бала қатерлі ісіктен емделіп жатыр
Фото: freepik.com

Жыл сайын 600-ге жуық баладан қатерлі ісік анықталады. Бұл - Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі. Дәрігерлер дерттің жасарып бара жатқанына алаңдаулы. Қазір қатерлі ісікке шалдыққан 4 мыңға жуық бала мамандардың бақылауында, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.  

Жалпы 13 мыңнан астам адам, ата жаман аурудың құрбаны болады. Дәрігерлер ауруды ерте анықтаса дерттен айығуға мүмкіндік бар дейді. Онкологиялық көмек кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Науқастарға 500-ден астам дәрігер ем-дом жасайды. Бүгінде жыл сайын осы бағытта 30 мың ем-дом жасалып жүр .

«Жыл сайын 30 мың онкологиялық операция химиотерапия немесе тәуелсіз әдіс ретінде жасалады. Бұл ретте бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып орындалатын операциялардың үлесі 30%-ға дейін ұлғаяды. 14 мың пациент химиотерапиялық ем алады, бұл жылына шамамен 90 мың сеанс», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вячеслав Дудник.

Серіктес жаңалықтары