$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл соңына дейін елден заңсыз шығарылған 180 млрд теңге мемлекетке қайтарылмақ

Бұған дейін 857 млрд теңге мемлекетке қайтарылған

Жыл соңына дейін елден заңсыз шығарылған 180 млрд теңге мемлекетке қайтарылмақ
Фото ашық дереккөзден

«AMANAT» алаңында заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару заңының қалай жүзеге асырылатыны түсіндірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Жиынға Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Марат Башімов, ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова,  Антикор өкілі Қанат Сүлейменов және өзге де сарапшылар қатысты.

Жиын барысында белгілі болғандай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі елден шығарылған 857 млрд теңгені мемлекетке қайтарған.

Қанат Сүлейменовтің айтуынша, жыл соңына дейін 180 млрд теңге көлеміндегі қаражатты мемлекетке қайтару көзделіп отыр.

«Бұл сомаға ақша ғана емес, жылжымайтын мүлік те кіреді. ӨКМ операторы ісі бойынша 180 миллиард теңге қайтарылды. Бұл ақшаның бір бөлігі жеңілдетілген автонесие алуға жұмсалды, ақша мен мүліктің барлығы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Жыл соңына дейін 180 миллиард теңге қайтарылады. Бұл да мүлік пен ақша», — деді Қанат Сүлейменов.

Сондай-ақ қазір мемлекеттік және өзге де өкілетті органдардың келісімі мен қосымша актілер қабылдану үстінде.

Айта кетсек, 12 шілдеде Мемлекет басшысы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, сондай-ақ болашақта активтерді заңсыз иемденуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі» Заңға қол қойды. Бұл заң жобасына «AMANAT» партиясының депутаттары бастамашы болып, жүйелі әрі кәсіби жұмыс жүргізді. Бүгінде заңның барлық нормасы нақтыланып, жүзеге асыруға әзір тұр.

Серіктес жаңалықтары