$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Израиль армиясы ХАМАС-тың шабуыл жасайтынын алдын ала білгенін мойындады

Бұл туралы Израиль армиясының өкілі Даниел Хагари мәлімдеді

Израиль армиясы ХАМАС-тың шабуыл жасайтынын алдын ала білгенін мойындады
Фото: aa.com.tr

Израиль әскері 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысының ықтимал шабуылы туралы барлау қызметінен сигнал алғанын мойындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ЦАХАЛ өкілі Даниел Хагари Times of Israel газетіне берген сұхбатында айтты.

Алайда ол ақпараттың нақты болмағанын жеткізді.

«Ешқандай маңызды ескертулер болған жоқ. Шабуылдан бірнеше сағат бұрын пайда болған сигналдар барлаудың әртүрлі белгісіне негізделген болуы мүмкін», -деді Хагари.

Ол Израиль қорғаныс күштері ХАМАС шабуылының толық мән-жайын тексеретінін айтты. Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, жоғары шенді барлау офицерлері бұл ескертулерді 7 қазанға қараған түні талқылап, «талқылауды таңертең жалғастыруға келіскен».

Еске салайық, 7 қазанда таңертең палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қанаты Израильге қарсы «Әл-Ақса тасқыны» операциясының басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран ұшырылып, қарулы топтар Израиль елдімекендеріне басып кірді.

Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақпен Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын мәлімдеді.

Тақырыпқа орай: Израиль мен Газа секторындағы әскери қылмыстарға қатысты дәлелдер бар – БҰҰ

Израиль мәліметітне сүйенсек, соңғы шабуылдардан кемінде 1300 израильдік қаза тауып, 2600-ден астамы жараланған.

Ал Палестинаның денсаулық сақтау министрлігі Газа секторындағы израильдік шабуылдардан 1200 адамның құрбан болғанын, тағы 5 мың адамның жараланғанын хабарлады.

Сонымен қатар 8 журналист Израильдің Газаға жасаған соққыларынан қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары