$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Израиль мен Газа секторындағы әскери қылмыстарға қатысты дәлелдер бар – БҰҰ

БҰҰ комиссиясы екі тарапты халықаралық гуманитарлық құқық талаптарын сақтауға шақырды

Израиль мен Газа секторындағы әскери қылмыстарға қатысты дәлелдер бар – БҰҰ
Фото: aa.com.tr

БҰҰ-ның тәуелсіз халықаралық комиссиясы палестиналық 7 қазаннан бері ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылдары мен Израильдің Газа секторына қарсы әуе шабуылдары кезінде болған әскери қылмыстардың дәлелдерін жинады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі Палестинаның Израиль әскері басып алған аумақтарда, шығыс Иерусалимде және Израильде әскери қылмыстардың бұлтартпас айғақтары көптеп саналатынын мәлімдеді.

«Израиль мен Газа секторындағы жарылыс кезінде әскери қылмыстары жасалған болуы мүмкін екендігі туралы нақты дәлелдер бар және халықаралық құқықты бұзғандар мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағандардың барлығы қылмыстары үшін жауап беруі керек», - деп атап өтті комиссия.

Баяндамада «Газадан келген қарулы топтар жүздеген қарусыз бейбіт тұрғынды атып тастады» деген хабарламаға қатысты «Бейбіт тұрғындарды кепілге алу және оларды тірі қалқан ретінде пайдалану – әскери қылмыс» екенін айтты.

Сонымен қатар, комиссия Израильдің Газа секторына жасаған соңғы шабуылдарына, сондай-ақ аймақты толығымен қоршауға алу, оның ішінде су мен электр қуатын өшіру, азық-түлік пен жанармай импортына тыйым салу туралы мәлімдемелерге айрықша алаңдаушылық танытты.

«Бұл бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соғатыны сөзсіз және «ұжымдық жазаға» тең әрекет болады», - делінген хабарламада.

Комиссия Израильдің қауіпсіздік күштері мен Палестина қарулы топтарын «халықаралық гуманитарлық құқық пен халықаралық адам құқығын толық құрметтеуге» шақырды.

«Зорлық-зомбылықты тоқтатудың және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – Палестина жерлерін заңсыз басып алуды тоқтату және Палестина халқының өзін-өзі билеу құқығын тану мақсатына жету», - делінген баяндамада.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең ХАМАС әскері Израильге қарсы әскери операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елдімекендеріне кірді.

Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторында Хамасқа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастады.

Израиль денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы шабуылдардан кемінде 1200 израильдік қаза тауып, 3 мыңнан астамы жараланған.

Ал Израильдің Газадағы шабуылдарынан кемінде 1000-нан астам адам қаза тауып, 5 мыңнан астам адам жараланған. Сондай-ақ жеті БАҚ қызметкері қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары