$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

Дәрі-дәрмек пен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.

Қазақстан зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.

"Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 тауар бар", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.

Еске салайық, 7 қазанда Ауғанстанда алапат жер сілкінісі болып, 3 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын.   

Серіктес жаңалықтары