$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев ІІМ басшысына Щучьедегі студент өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды

Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды

Тоқаев ІІМ басшысына Щучьедегі студент өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды
Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Щучье қаласындағы студент өліміне қатысты тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды. Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек», - делінген Ақорда хабарламасында.

Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.

Еске салайық, бұған дейін Щучьеде теміржол бойында 19 жастағы студенттің мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Ақмола облыстық Көліктегі полиция департаменті нақтылағандай, жас жігіттің денесі Бурабай курорты – Жамантұз учаскесінен табылды.

Серіктес жаңалықтары