$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде қар жаууы мүмкін

Синоптиктер ауа райы нашарлайтынын ескертеді

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде қар жаууы мүмкін
celes.club

Синоптиктер 10-12 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады (жаңбыр соңы қарға ұласады). Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде де жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республиканың басты аумағында ауа температурасы түнде 5 градус аяздан 7 градус жылыға дейін, күндіз 5-18 градусқа дейін жылиды.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде ауа температурасы -5+5 градусқа дейін төмендеуі, ал күндіз 5-13 градусқа дейін жылы болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары