350 млн теңге жинаған: ШҚО-да қаржы пирамидасының бөлімше бастығы қамауға алынды

Azattyq Rýhy

Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical салымшылардан заңсыз ақша алған

350 млн теңге жинаған: ШҚО-да қаржы пирамидасының бөлімше бастығы қамауға алынды
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін «Telegram» мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.

«Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған. Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен «Қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.

«Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз. Егер Сіз және Сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТТД хабарласуыңызды сұраймыз», - деп ескертеді ведомство өкілдері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.