06.10.2023, 21:22
Жаңалықтар
460 адам эвакуацияланды: Павлодарда белгісіз біреу сауда орталығына бомба қойылды деп хабар таратқан
Сауда орталығының ғимаратынан жарылғыш зат табылған жоқ
Фото ашық дереккөзден
Павлодардағы ең ірі сауда және ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына саперлар мен өрт сөндірушілер барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, ғимараттан келушілер мен қызметкерлер, барлығы 460-қа жуық адам эвакуацияланды.
«Сағат 14.09-да «Batyrmall» СОСО ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 9 техника мен жеке құрамнан 31 адам шықты. Эвакуациялауды сауда орталығы мен 102 қызметкерлері жүргізді», - делінген ТЖД хабарламасында.
Сауда орталығының ғимаратынан жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факт Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді