03.10.2023, 05:38
Жаңалықтар
БҚО-да полицейлерге пара берген Беларусь азаматы ұсталды
Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Батыс Қазақстан облысында Беларусь Республикасының азаматы полиция қызметкерлеріне пару беру кезінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол ҚР жолда жүру ережесін бұзып, полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 мың рубль көлемінде пара ұсынған. Оқиға орнына Теректі аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты «Келуге міндетті» түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы