02.10.2023, 23:33
Жаңалықтар
Абай облысында күнбағыс арасына қарасора өсірген тұрғын анықталды
Қазіргі уақытта жабайы қарасора ошағы жойылды
Бейнеден кадр
Абай облысында күнбағыс арасына қарасора өсірген тұрғын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрамында есірткі бар өсімдіктерді Абай облысының орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Шүлбі кентін дронмен жергілікті аумаққа мониторинг жүргізу кезінде есірткі қылмысымен күресушілер тапты», - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, жабайы қарасора ошағы жойылды, өсімдіктердің 1200 бұтасы өртенді. Бұл - 800 кг-нан астам есірткі.
Полицейлер құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы