$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы қақтығыс: ІІМ ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

ІІМ-нің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы қақтығыс: ІІМ ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыстың салдары түсірілген видео таратылуда. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Таралған видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген, ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында орын алған, қазір онда техника тартылып жатыр.

ІІМ-нің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған болып табылатынын хабарлайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары