COVID-19: Ресейде вирус жұқтырғандар саны бір аптада 48 пайызға өсті
Бір апта ішінде 1973 адам ауруханаға жатқызылды

Ресейде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны өсуде. Соңғы аптада ауру жұқтырғандар саны бір жарым есеге жуық өсті. Бұл жөнінде Ресейдегі жаңа коронавирустық инфекциямен күресу жөніндегі федералды жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өткен аптада 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 8,2 пайызды құрады және өткен аптамен салыстырғанда 48 пайызға өсті», - делінген хабарламада.
Сырқаттанушылықтың өсуі 70 өңірде байқалды, оның 13-і ел бойынша орташа деңгейден асып түсті.
Бір апта ішінде 1973 адам ауруханаға жатқызылды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 20,6 пайызға көп. Ауруханаға жатқызу санының өсуі 42 өңірде тіркелді, оның 20-сы орташадан жоғары.
Бір аптада 7280 адам сауығып шықса, 14 адам қайтыс болды.