ШұғылCOVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Астанада медициналық маска мен антисептикті қайдан сатып алуға болады?

Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің басшысы жауап берді

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков онлайн-брифингте маска мен вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді қайдан сатып алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мына ұйымдарда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен медициналық маскалар бар: «Іңкәр» ЖШС, «Ақниет» ЖШС, «Науза Адель» ЖШС, «Саламат», «ЕвроФарма», «АльфаМед», - деді Зекен Исаков.

Ол коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында елорда әкімдігі мен Қорғаныс министрлігі және дезинфекция жасайтын ұйымдармен бірлесіп, қоғамдық орындарға күнделікті залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, қоғамдық орындарды дезинфекциялауға 220-дан астам адам тартылған. Санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар әлеуметтік маңызы бар, денсаулық сақтау саласына қатысты нысандар, сауда ойын-сауық орталықтары, темір жол вокзалдары, театрлар сияқты 50 нысанға жасалуда.