29 наурызға арналған ауа райы болжамы
Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
29 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шығыс, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, екпінді жел сақталады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады», - деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с артады.
Түркістан облысында таңертең және күндіз, Атырау облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысында, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарын тұман басады.