17.09.2023, 14:12
Жаңалықтар
Астанада Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай көлік қозғалысы шектеледі
Бұл ретте көпірдің бір жағы бойынша қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылады
Фото: egemen.kz
Астанада Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана полиция департаментінің хабарлауынша, әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлы Дала даңғылындағы көпірдегі деформациялық тігістің негізін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Осыған байланысты 16 қыркүйек және 15 қазан аралығында жоғарыда аталған көпір арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көпірдің бір жағы бойынша қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді