$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қорғаста» жастар арасында жаппай төбелес болды

Төбелеске қатысқандардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді

«Қорғаста» жастар арасында жаппай төбелес болды
Фото ашық дереккөзден

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында төбелес болды. Бұл туралы  Жетісу облыстық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, қақтығыс 20 мен 26 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар арасында болған. Тәртіп сақшылары олардың кім екенін анықтады.

«Төбелеске қатысқандардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша оқиғаға қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.

Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиға орнынан травматикалық тапанша табылды. Ол тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Аталған істі тергеп-тексеруді облыстық департамент ерекше бақылауға алды.

Серіктес жаңалықтары