$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Командирлердің рөлі ерекше: Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштердегі қатаң тәртіп туралы

«Батыл тойтарыс-2023» оқу-жаттығу жиынына 8 мың әскери қызметші қатысты

Командирлердің рөлі ерекше: Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштердегі қатаң тәртіп туралы
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев офицерлер мен жеке құрамның жауынгерлік машығы мен моральдық рухының жоғары болуы Қарулы Күштер тиімділігінің басты факторы екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

«Әскери даярлыққа және командирлердің кәсібилігіне жоғары талап қойылады. Сондықтан қазіргі заманғы ұрыс жағдайында бөлімшелер негізгі күштен бөлек, дербес әрекет етуге дайын болуы қажет. Командирлер мен бастықтар батыл шешім қабылдап немесе орынды бастама көтеріп, берілген тапсырманы орындау үшін тың тәсіл қолдануы керек. Олар батылдығымен, төзімділігімен және антқа беріктігімен көпке үлгі болуы қажет.

Әскердің күші – тәртіпте! Бұл ретте командирлердің атқаратын рөлі ерекше. Қарулы Күштердегі дайындықтың жоғары деңгейін, өзара үйлесімділікті және қатаң тәртіпті сақтау қажет. Әрбір сарбаз өзіне сеніп тапсырылған қару мен техниканы жетік меңгеріп, оларды ұрыста шебер қолданып, жедел шешім қабылдап, батылдық танытуы керек», – деп сөзін түйіндеді Президент.

Тақырыпқа орай: Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Тоқаев

«Батыл тойтарыс-2023» оқу-жаттығу жиыны барысында мемлекеттік және әскери басқару органдарының қорғаныс операциясын орындауға дайындығы тексерілді. Әскер барлық деңгейдегі штабтарда қабылданған шешімдерді толық жүзеге асырды.

Оқу-жаттығу жиынына барлығы 8 мың әскери қызметші жұмылдырылып, 600 әскери техника мен қару-жарақ пайдаланылды.

Серіктес жаңалықтары