Риддерде энергетик мамандар жетіспей жатыр
Жөндеу жұмысы толық аяқталған соң жылыту орталығы үздіксіз жұмыс істеуі үшін мамандар аса қажет
Риддер жылу орталығына 100-ден аса энергетик керек. Себебі бұған дейін жұмысқа тартылған мамандар 3 аусыммен күндіз-түні жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Стратегиялық нысанды қалпына келтіру үшін 8 миллиард теңгеден аса қаржды бөлінген. Әзірге, 6 қазандықтың екеуін қыркүйектің жиырмасында іске қосуды жоспарланып отыр. Ал қалған төртеуі қараша айында аяқталады. Енді нысанды мемлекеттік меншікке өткізу үшін мүлікті түгендеу басталады. Жөндеу жұмысы толық аяқталған соң жылыту орталығы үздіксіз жұмыс істеуі үшін мамандар аса қажет.
«Осы жерде жұмыс істеп, содан соң шыдамай шығып кеткен жұмысшылар қайта келер деген үмітіміз бар. Асыға күтіп отырмыз. Тіпті мен өзім әрбіріне қоңырау шалып, жұмысқа шақырып жатырмын», - дейді «Риддер ЖЭО» бас директоры Игорь Михайленко.