$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 маркалы бензині қайта өндіріле бастады

Алғашқы жанармай 25 тамызда шығарылды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 маркалы бензині қайта өндіріле бастады
Фото ашық дереккөзден

Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоғары октанды АИ-95 жанармайын өндіруді қайта бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Уақытша шектеулер каталитикалық риформинг құрылғысындағы LANPEC жылу алмастырғышында анықталған ақауға байланысты болған еді.

Energy Monitor Telegram-арнасының мәліметінше, қазіргі уақытта бұл мәселе шешілген.

«25 тамызда АИ-92 маркалы бензин өндірісі қысқартылмай, 5,8 мың тонна көлемінде шығарылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ апатты жылу алмастырғыш 2024 жылдың ақпанында толығымен ауыстырылатыны белгілі болды.

Еске салсақ, бұған дейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы Шымкенттегі зауыт АИ-95 өндірісін жалғастыруға тырысып жатқанымен, әлі біраз уақыт күш салып жұмыс істей алмайтынын мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары