Атыраудағы ұлттық қыздар мектебі жұмысын тоқтатты

Azattyq Rýhy

Аталған мектеп қыздарды лицензиясыз оқытқан

Атыраудағы ұлттық қыздар мектебі жұмысын тоқтатты
Фото ашық дереккөзден

Атырауда 7-сынып оқушыларын лицензиясыз оқытқан қыздар мектебі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС қызметін тоқтату жөнінде азаматтық іс қаралды.

Талап арызды Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті берген.

«Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС заңды тұлға ретінде 2022 жылғы 18 маусымда Азаматтарға арналған үкіметте тіркелген. Қызметін лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрі деп көрсеткен. Алайда, мектеп өз қызметін Атырау қаласында 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінде 7-сыныпқа 117 баланы қабылдап, жеке білім беру ұйымы ретінде бастаған. «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын бұзуға, атап айтқанда, лицензия болмаған кезде қызметті жүзеге асыруға жол берілді», -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Соттың шешімімен департаменттің талабы қанағаттандырылды. «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС-нің білім беру қызметі тоқтатылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.