$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе әкімі жас экобелсенділермен кездесті

«Eco MADENIET» волонтёрлік қозғалысының бір жылдығын атап өтті

Ақтөбе әкімі жас экобелсенділермен кездесті

Ақтөбенің жас экобелсенділері өткен жылы өздері құрған «Eco MADENIET» волонтёрлік қозғалысының бір жылдығын атап өтті, Қала сыртындағы демалыс базаларының бірінде бас қосқан жас эко белсенділердің жиынына қала әкімі Азамат Бекет те барып, жастармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Eco MADENIET» (@eco_madeniet) жас еріктілер ұйымының жетекшісі – Есет батыр тұрғын алабындағы №60 мектептің 10-сынып оқушысы Темірлан Жолдыбай (@temirlan_zholdybay). 16 жасар көшбасшының ұйымында жастары 15 пен 25-тің аралығындағы 250-ден астам жас бар. Оған қаладағы экобелсенділердің бірі, қалалық мәслихат депутаты Айман Қази (@aimankaziecology_) қолдау білдіріп, жыл бойы олар саябақтарды, жағалауларды қоқыстан тазартып, эко акциялар ұйымдастырып келеді. Қала әкімі жастардың игі ісіне ризашылығын білдірді.

«Сіздер үлкен жұмыс атқарып келесіздер. Жастардың мұндай бастамаларын әркез қолдауға дайынбыз. Эко мәдениетті тұрғындардың санасында қалыптастыруға, табиғатты аялауды насихаттауға үлес қосып жүрген істеріңіз көпшілікке үлгі. Қатарларыңыз толсын», - деді Азамат Бекет.

Волонтерлік ұйым жетекшісі Темірлан да өзінің ойымен бөлісті.

«Мені осы ұйымды құруға патриоттық сезім, өз қаламды сүйетінім жетеледі. Алдымен 40 мүшеміз болды. Қазір 250 адамға жеттік. Біздің парақшамызға тіркеліп, қатарымызға қосылуға болады», - деді жас волонтёр.

Балалар гитарада ойнап, ән салды, қала әкімімен емен-жарқын әңгімелесіп, өз мақсаттарымен бөлісті. Игілікті істе жастарға сәттілік тіледік.

Серіктес жаңалықтары