23.08.2023, 21:17
Жаңалықтар
Kaspi Bank бөлімшесіне қарулы шабуыл жасаған адамға қатысты іс сотқа жетті
Алайда қылмыстық істің қаралатын күні әзірге белгісіз
Фото ашық дереккөзден
Биыл 18 маусымда Астанадағы Kaspi Bank ғимаратында қарулы азамат адамдарды кепілге алған болатын. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс сот қарауына жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына келіп түсті. Қаралатын күні әзірге белгісіз», - делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, биыл 18 маусымда қаруланған ер адам елордадағы Kaspi банк ғимаратында бірнеше адамды тұтқында ұстап отырған.
Оқиға орнына Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өзі барып, қарулы адаммен келіссөз жүргізген еді.
Көп ұзамай полиция қызметкерлері кепілдегі азаматтарды босатты.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 12:29
Алматыда 47 адамды газға тұншықтырған корей сериалы жарыққа шықты
