18.06.2023, 16:50
Қоғам
Kaspi bank ғимаратында кепілге алынған адамдар босатылды - ІІМ
ІІМ Астанадағы Kaspi bank бөлімшесіндегі кепілге алынған адамдардың босатылғанын хабарлады
Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді. Барлық кепілге алынғандар босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер шығарылды.
Кепілге алушы залалсыздандырылды!
Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ.
«Басқыншымен келіссөзді ішкі істер министрі М. Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарды», делінген хабарламада.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)