Грекияда өртеніп жатқан орманнан 26 мигранттың денесі табылды

Дадиас орманы үш күннен бері өртеніп жатыр

Грекияда өртеніп жатқан орманнан 26 мигранттың денесі табылды
Фото ашық дереккөзден

Грекияның Александруполис қаласының солтүстік-шығысында, Түркиямен шекаралас жерде жанып жатқан Дадиас орманынан 26 мигранттың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы жергілікті Newsit.gr ақпараттық порталы хабарлады.

Айта кетсек, Дадиас орманы үшінші күн қатарынан өртеніп жатыр. Бұған дейін Грекияның өртке қарсы қызметі өртеніп жатқан орманнан 18 мәйіттің табылғанын хабарлаған болатын. Полиция тергеуді бастады.

Өрт сөндіру қызметі өрт басталған кезде Дадиас ауданындағы тұрғындардың ұялы телефонына жедел эвакуация туралы хабарлама жіберілгенін айтты. Жергілікті тұрғындардың жоғалғаны туралы хабар болмағандықтан, құқық қорғау органдары мәйіттер мигранттарға тиесілі деп есептейді.

Еске салсақ, бұған дейін Грекияда өрт сөндірушілер соңғы тәуліктерде тұтанған 63 орман өртімен күресіп жатқанын хабарлаған болатынбыз

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.