Грекияда бір тәулікте 63 орман өрті тұтанған
Үш күннің ішінде 13 елдімекеннің тұрғындары эвакуацияланды
Грекияда өрт сөндірушілер соңғы тәуліктерде тұтанған 63 орман өртімен күресіп жатыр. Бұл туралы арнайы брифингте өртке қарсы қызмет өкілі Яннис Артопиос мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Соңғы 24 сағатта Грекияда 63 орман өрті тіркелді. Төтенше ауа райы жағдайында, негізінен дауылды желдің әсерінен елдің көптеген аймағында бір уақытта тұтанған өрт ошақтарын сөндіру үшін қыруар жұмыс атқарылды», - деді Артопиос.
Оның айтуынша, 19 тамыздан бері елдің солтүстік-шығысындағы Александруполис маңында жалғасып жатқан алапат өртті сөндіру мүмкін болмай отыр. Онда үш күннің ішінде 13 елдімекеннің тұрғындары эвакуацияланды.
21 тамызда кешке Александруполис ауруханасында сақтық шаралары бойынша эвакуация басталды. Дүйсенбі күні Грецияның солтүстік-шығысындағы Кавала және Родопи аймақтарында, Беотияның орталық аймағында, сондай-ақ Эвбой аралында және Пелопоннестегі Ахайя аймағында алапат өрт болды.