Қарашөкеев қай облыста азық дайындау қарқыны төмен екенін атады

Azattyq Rýhy

Павлодар облысының 4 ауданында пішен аз болып отыр

Қарашөкеев қай облыста азық дайындау қарқыны төмен екенін атады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашаөкеев Павлодар облысында азық дайындау қарқыны біршама артта қалғанын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Павлодар облысы бойынша 4 ауданда пішеннің аз болуына байланысты азық дайындау қарқынының біршама артта қалғанын атап өткім келеді.Осыған байланысты менің тапсырмам бойынша жетекшілік ететін вице-министр Павлодар облысында болып, 6 ауданды аралады. Жайылымдар, шабындық жерлер, сондай-ақ бидай егістері қарап-тексерілді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізілді», - деді министр.

Оның айтуынша, министрлік Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп қажетті азық көлемін дайындау бойынша, оның ішінде халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарын азықпен қамтамасыз ету бойынша одан арғы іс-қимылдарды үйлестірді.

«Кездесулердің қорытындысы бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша фермерлердің кредиттері бойынша борыштарды ұзарту, сондай-ақ өтінімдері резервте тұрған субсидияларды жеделдетіп төлеу жөнінде шаралар әзірленді. Бұл шаралар өңірде азық жинауды және азық дайындауды табысты жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Егін жинау және азық дайындау науқандарының барысы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы республикалық жедел штабтың тұрақты бақылауында», - деді Қарашөкеев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.