21.08.2023, 16:41
Жаңалықтар
Павлодарда жоғалған бала табылды
Ол ойын-сауық орталығынан табылды
Фото: pixabay
Павлодарда жоғалған бала табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Vita іздестіру тобының мәліметінше, жеткіншекті еріктілер мен полиция департаментінің қызметкерлері тауып алған.
«Ол Batyr mall ойын-сауық орталығынан табылды. Бұған дейін ол осы ауданда тұрған. Бала таңертең достарымен қыдыруға шығып кеткен. Ал ата-анасы үйде болмағандықтан ескерте алмаған», – дейді еріктілер.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең сағат 09:30 шамасында Екінші Павлодар шағын ауданында Мойылды көшесінде тұратын 10 жасар бала үйінен шығып, жоғалып кеткен болатын.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
