21.08.2023, 15:12
Қоғам
Павлодарда 10 жасар бала іздестіріліп жатыр
Ол бүгін таңертең үйінен шығып кетіп, содан оралмаған
Фото: zi.ua
Павлодарда 10 жасар бала жоғалып кетті. Жеткіншекті іздеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Vita еріктілерінің айтуынша, Евгений Куликов 21 тамыз күні шамамен сағат 09:30-да Екінші Павлодарда Мойылды көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен.
«Оның қай жаққа қарай кеткені белгісіз. Сол күйі үйге оралмады. Бойы – 140 см, көздері қоңыр, шашы ақшыл, дене бітімі жұқаша келген. Сары толстовка, қара қысқа шалбар, қара аяқ киім киген», – дейді еріктілер.

Еріктілер баланы көрген жандар немесе қайда жүргені туралы бір ақпарат болса, 8 747 615 55 63 (Катерина), 8 777 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
