$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды

Компания директоры қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды
Фото ашық дереккөзден

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компания сайтына сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский қаза болған әріптес-кеншілердің отбасылары, туған-туыстары мен жақындарына ұжым атынан көңіл айтып, 20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қаралы күн болып жарияланғанын мәлім етті.

«Орны толмас қазаға ортақтаса отырып, көз жұмған әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты қамқорлық пен сауықтыруда көмек көрсетіледі. Компания апат себебін анықтау үшін және алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауына бар күш-жігерін салады», - делінген бас директордың көңіл айту хатында.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні өрт шыққан еді. Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адам жерге көтерілді. Өкінішке қарай, жер астындағы 5 кеншіні құтқару мүмкін болмады.

Серіктес жаңалықтары