$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақстан» шахтасында іздестіріліп жатқан екі кеншінің денесі табылды

Қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды

«Қазақстан» шахтасында іздестіріліп жатқан екі кеншінің денесі табылды
Фото ашық дереккөзден

«Қазақстан» шахтасында іздестіріліп жатқан екі кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметі әуелі Халиков Артур Ринатовичтің мәйіті табылғанын мәлім етті.

«Төртінші кеншінің денесі табылды, Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл. Марқұмның әріптестері мен компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қаза болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Одан кейін Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында бесінші кеншінің денесі табылғаны туралы хабарлама жарияланды.

Қаза тапқан кеншілердің аты-жөні:

1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;

2. Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;

3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

5. Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.

«Қарағанды облысының әкімдігі қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген әкімдіктің сайтында.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні өрт шыққан еді. Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адам жерге көтерілді. Өкінішке қарай, жер астындағы 5 кеншіні құтқару мүмкін болмады.

 

Серіктес жаңалықтары