Жамбыл облысындағы су тапшылығынан пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр
Облыстың бірнеше ауданында суармалы су тапшылығы сезілуде
ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Ғалидулла Азидуллин осы жылдың вегетациялық кезең жоспарын іске асыруды пысықтау үшін Жамбыл облысында іс сапарымен жүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy министрліктің юаспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 тамыздағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейніндегі Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн м3 құрады, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 144,8 млн.м3-ке аз (177,28 млн. м3).
«Талас өзенінің былтырғы жылдың тамыз айындағы кестелік көрсеткіш бойынша Қазақстанның қажеттілігі 45 м3 / сек құрайтын, іс жүзінде су берілмеген - 0 м3/сек. Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен "Жамбыл ГРЭС" АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 м3/сек су беру туралы келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ Талас өзенінің арнасына экологиялық тазарту қарастырылып отыр.
Сондай-ақ, Талас өзенінің арнасына судың түсуін ұлғайту мақсатында «Қазсушар» РМК филиалы мемлекеттік шекара бойында коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуды жүргізеді, бұл Талас өзеніне судың түсуін 5-тен 8 м3/сек-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар егін шаруашылығындағы су мөлшерінің шығынын азайтуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Талас су торабындағы су көлемі коллекторлық сулармен толтырғанның өзінде 7,26 м3/сек құрайды, пропорционалды үлестердегі су және су айналымы әдісімен Жамбыл және Байзақ аудандарына бөлінеді, Талас ауданы суарудан толығымен ажыратылып отыр.
Суармалы судың тапшылығын Байзақ, Талас және басқада Жамбыл аудандары сезінеді, іс жүзінде Киров су қоймасынан судың жеткіліксіз жетуіне байланысты шамамен 4 мың га пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр.
Шу өзені бассейніндегі су Георгиев магистралі (ГМК), Колос, Шортөбе каналдары арқылы Қордай ауданына, Меркі ауданына ЗБЧК каналы арқылы беріледі.
Биыл сумен қамтамасыз етудегі негізгі проблема Қордай ауданының ГМК каналы бойынша қалыптасты, оның қамтамасыз ету аймағы 28 мың гектар жер болатын. Тамыз айында бұл арнаның қажеттілігі 14 м3/сек құрады. Бірақ 26 маусымдағы кесте бойынша (мұнда 9 м3/сек тиесілі) іс жүзінде 7-ден 6 м3/сек-ке дейін, төменгі бағыт бойынша сараптық қателер көп болды. Ал 9 тамызда тұтыну 6,7 м3/сек құрады, және бұл шығынмен каналдың 60 км-ге су таратуды реттеу мүмкін болмады.
«Су тапшылығына байланысты Қордай ауданының Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қақпатас және Степное ауылдық округтері (шамамен 5 мың га) суарудан шығарылды», - делінген хабарламада.
Меркі ауданының ЗБЧК каналы бойынша Қырғызстаннан су соңғы 4-5 жыл ішінде келіп түскен жоқ. Соның салдарынан 10 мың гектарға жуық егістік өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жағдайдан шығу үшін ЗБЧК арнасын Ішкі көз – Аспара өзенінен толтырып келген.
«Сумен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан сындарлы жағдайды ескере отырып және аталған аудандарда әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловтың тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды, сол шаруаны реттеу аясында ағымдағы жылдың 18-20 шілдесі аралығында Қордай, Байзақ және Талас аудандарының егіс алқаптарын визуалды тексерген болатын», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Жалпы, визуалды тексеру Қырғыз Республикасы тарапынан суармалы судың жеткіліксіз түсуіне байланысты егістіктерде қалыптасқан қолайсыз жағдай туралы растады. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуінен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізілетін болады.
«Жыл сайын су ресурстарының жетіспеушілігі барған сайын артып барады соған орай біз жыл сайын ылғал сүйгіш дақылдарды егуді қысқартуды, ылғал үнемдейтін технологияларға көшуді, ауыспалы егістерді, суару режимдерін және басқа да мелиорациялық шараларды сақтауды ұсына отырып, бұл мәселені көтереміз», - деп атап өтті вице-министр өңір өкілдерімен кездесу барысында.
Су тұтынудың өсіп келе жатқан көлемін ескере отырып, егістік алқаптарына тексеріс жүргізілетін болады.
Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалында пилоттық жоба шеңберінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен бірлесіп, келесі вегетациялық кезеңде қолда бар егістік алқаптарына су берудің қажетті көлемін есептеу үшін егістіктің нақты картасын анықтау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.