28.05.2026, 18:45
Жаңалықтар
Астанада ер адам «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы көпірден құлап кетті
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Фото: Видеодан скрин
Астанада бүгін ер адам «Нұрлы жол» теміржол вокзалының аумағында орналасқан көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан жол бойында құлап жатқан адамды көтеріп, зембілмен жедел жәрдем көлігіне тасымалдап жатқанын көруге болады.
Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде мәлімдегендей, суицид әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«28 мамырда ер адамның көпірден секіріп кеткені анықталды. Зардап шегуші жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды