09.08.2023, 22:57
Жаңалықтар
Елімізде екінші деңгейлі нарықтағы баспана бағасы арзандап жатыр
Ал жаңа салынып жатқан тұрғын үйлердің бағасы 0,1 пайызға ғана төмендеген
Фото ашық дереккөзден
Елімізде екінші деңгейлі нарықтағы баспана бағасы арзандап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның төмендеуі, әсіресе, соңғы 4 айда байқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Екінші деңгейлі нарықтағы тұрғын үй 3,7% пайызға арзандап, әр шаршы метрі қазір 494 мың теңге тұрады. Баға Астана, Алматы, Көкшетау, Өскемен және Қостанай қалаларында төмендеген. Ал басқа өңірлерлерде әзірге өзгеріс жоқ.
Енді салынып жатқан тұрғын үйлер де арзандапты. Алайда, 0,1 пайызға ғана. Қазір оның шаршы метрі 486 мың теңге. Ал баспананы жалға алу құны керісінше 4 пайызға қымбаттады. Қазір бір бөлмелі пәтерді орташа жалдау ақысы – 124 мың теңге.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады