Жетісу облысында әкімдіктің лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды
Олар жалған көрсеткіш арқылы мемлекет қаражатын артығымен алмақ болған
Жетісу облысында табиғи газ құбырын тартуды үш есе артық көрсеткен әкімдіктің қызметкерлері жауапкершілікке тартылды. Олар жалған көрсеткіш арқылы мемлекет қаражатын артығымен алмақ болған. Прокурорлар заңсыздықтың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысының прокуратурасы талдау аясында 150 млн теңгеден астам сомаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен материалдарды анықтады.
«Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Ескелді ауданының газ тарату желілерін салу» жобалық-сметалық құжаттамасында 75 км болат құбырларды төсеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Бұл ретте жобадағы жұмыс 26 км көлемінде және ол орындарға барумен дәлелденген. Жобаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен нақты жұмыстар арасындағы айырмашылық 49 км-ден астам желіні құрады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Прокуратураның қарсылығынан соң әкімдік артығымен көрсетілген жұмыс көлемін жойған және артық шығындарды азайтты.
Әкімдіктің кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.