Өскеменде ветеринария саласының шенеуніктері пара алғаны үшін сотталды
Олар кәсіпкерлік субъектілерінен пара алды деген күдікке ілінген болатын
Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. С. Күдебаевқа және осы бөлімнің бас маманы Қ. Т. Серіковке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Олар кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген болатын.
Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аталған лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1 638 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды