$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2019, 11:43
Жаңалықтар

Жамбыл облысында заңсыз АӘК алған 10 мыңдай отбасы қазынаға 133 млн теңге қайтаруы тиіс

Жамбыл облысында 35 мың 497 отбасыға 14,5 млрд.теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек төленді

Жамбыл облысында заңсыз АӘК алған 10 мыңдай отбасы қазынаға 133 млн теңге қайтаруы тиіс

Жамбыл облысында АӘК тағайындау кезінде 9 мың 632 отбасы өздерінің нақты табысын дұрыс көрсетпеген. Енді олар қазынаға 133,5 млн теңге қайтаруы тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі newtimes.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, жүргізілген тексеру барысында тек нақты табысын жасырғандар ғана емес, сонымен қатар қолда бар бизнесін, жылжымайтын мүлкін, көлік пен малын да қасақана жасырғандар анықталған.

«16 мамыр күні Меркі ауданында тұратын көп балалы отбасыға 1 млн 416 мың теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Материалдық-тұрмыстық жағдайына және аталған отбасының табыстарына тексеріс жүргізу кезінде олардың жалпы ауданы 100 шаршы метрден асатын жаңа үйде тұратындығы анықталды. Отбасының материалдық жағдайы жақсы және отағасының жеке кәсіпкер екені анықталды. АӘК тағайындау кезінде бірінші тоқсандағы табысы 415 мың 968 теңге деп көрсетілген. Алайда, әлеуметтік көмек алу заңдылығын тексеру барысында олардың бірінші тоқсандағы табысы 1 млн теңгеден асқаны белгілі болды», - деп хабарлады Жамбыл облысы ЖҚҮӘББ жетекшісі Тимур Нұрымбетов.

Оның айтуынша, осындай фактілер өңірдің басқа аудандарында да анықталды.

Тимур Нұрымбетов әлеуметтік көмекті заңсыз жолмен алу мақсатында өңірдің кейбір тұрғындары нақты тұратын мекен-жайын немесе уақытша тіркелген мекен-жайын жасыруға тырысқанын айтты.

Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған Жамбыл облысының тұрғындарынан 27,1 млн теңге өндіріп алынды.

Айта кетейік, АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығын мониторингілеу нәтижесінде республика бойынша табысын дұрыс көмек көрсетпеген 74 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушы анықталған.

Осыған байланысты министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған факті бойынша, бұзушылықтарға жол бермеу және «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын бұзуда заңсыз тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша дербес жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Серіктес жаңалықтары