Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады
Синоптиктер 16 өңірде дауыылды ескерту жариялады
Бүгін, яғни 28 шілдеде еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, 28 шілдеде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде жел екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады. Қонаев қаласында 28 шілдеде күндіз найзағай, шаңды дауыл болжанды. Батыстан жел соғады кей уақытта екпіні 18-23 м/с болады.
28 шілдеде күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 шілдеде күндіз Атырау облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 28 шілдеде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 шілдеде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай соғады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с болады. 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с болады. 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қаласында 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-39 градус ыстық күтіледі. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Орал қаласында 28 шілдеде күндіз 35-37 градус ыстық күтіледі.
28 шілдеде Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында 28 шілдеде күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
28 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с шаңды дауыл болжанды. 28-30 шілдеде облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.аласында 28 шілдеде жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с боалды, шаңды дауыл тұрады. 28-30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 28-30 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 28 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 28-30 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 28 шілдеде кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 28-30 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 39 градус қатты ыстық сақталады. 28 шілдеде облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 28 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
28 шілдеде таңертең және күндіз Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, түнде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 28 шілдеде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодар қаласында 28 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, түнде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
28 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 28 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында күндіз найзағай күтіледі. 28 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
28 шілдеде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35 градус сақталады. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 28 шілдеде таңертен және күндіз найзағай күтіледі.
28 шілдеде түнде және таңерең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қаласында 28 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 28 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қостанай қаласында 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.