$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында полицейлер 58 келіден астам марихуана тәркіледі

Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады

Қостанай облысында полицейлер 58 келіден астам марихуана тәркіледі
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

«Қарасора 2023» жедел алдын-алу шарасы шеңберінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай облысы аумағында есірткі таратумен айналысқан 11 адамды ұстау бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды polisia.kz.

Полиция 58 келіден астам марихуананы тәркіледі. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады.

Есірткі жалға алынған гаражда сақталған. Сонымен қатар өзгелерге тарату үшін шағын көлемде орама жасап отырған.

«Қылмыстық топ қатысушылары 22 жастан 54 жасқа дейін. Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде 5 күдікті уақытша ұстау изольяторына қамауға алынды. Қалғандарына қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Серіктес жаңалықтары