$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда автогаз құю бекетіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жанармай және газ құю бекеттерінің қызметін бақылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Екібастұзда автогаз құю бекетіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден

Екібастұзда жас жігіттің өмірін қиған жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 281-бабының 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) және 292-баптың 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық істер қозғалды», – деп хабарлады қала әкімдігі.

Бұған қоса қала әкімдігінің қаулысымен 23 жанармай құю, 11 газ құю стансасының қызметін бақылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оған Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етеді.

Жұмыс тобының құрамына Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, жергілікті полиция қызметінің басшысы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, сәулет, мемлекеттік кірістер және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары кірді.

Жұмыс тобы бүгіннен бастап іске кірісіп кетті.

2023 жылғы 26 ​​шілде күні сағат 13:24-те Екібастұздағы жанармай құю бекетінде газ құйылған төрт резервуар өртенді.  Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас жігіттің мәйіті табылды.

Серіктес жаңалықтары