ШұғылӨңірлерде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты – Біртанов

Төтенше жағдайлар комитеті су басу қаупі бар өңірлерді атады

Бұл тізімде Нұр-Сұлтан қаласы мен бес облыс бар

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында су тасқыны қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, көктемгі су тасқыны кезінде 309 елді мекенді су басу қаупі бар. Өңірлерде апаттың алдын алу шаралары қолға алынған.

«Бүгінгі күні өңірлерінде 11 мың шақырым арықтар мен арналарды тазалау жұмыстары жүргізілді. 13 миллион текше метр қар шығарылды, автомобиль жолдарында 17 мыңнан астам су өткізу арнасы мен теміржолдарда 5 мыңнан астам су өткізу арнасы тазартылды. 165 шақырым қорғаныс бөгеттері жөнделіп, су тасқыны қаупі бар өзендердің иірілген 400 шақырым арнасын түзеу жүргізілді, 160 шақырым су бұру арналары орнатылды», - дейді комитет өкілдері.

Сұхбат
Малайзиядан  29 наурызда елге оралған туристің хикаясы
Ешқандай әскери дайындықта болмаған азаматтар шақырылып жатқан жоқ
Карантинде отырған азаматтарға психолог кеңесі