ШұғылҚазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 232 адамға жетті

Елордада және өзге 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер бұл өңірлерде жауын-шашын, тұман күтілетінін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының нашарлауына байланысты 21 наурызға бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 23 м/с артуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күшейеді.

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші бөлігінде оның жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады