23.07.2023, 15:24
Жаңалықтар
Жапонияда пойыз ішінде ер адам 2 жолаушы мен кондукторды пышақтап тастады
Олар ауруханаға жатқызылды
Фото: twitter.com/ChaudharyParvez
Жапонияның батысында пойызда ер адам жолаушыларға пышақпен шабуылжасағаннан кейін үш адам зардап шекті. Бұл туралы Kyodo хабарлады.
«Жексенбіде Осакада (Батыс Жапония) пойызда болған оқиға салдарынан үш адам жарақат алды, қылмыскер дереу қамауға алынды», - деп жазды агенттік жергілікті билікке сілтеме жасап.
Жараланғандардың қатарында үш ер адам бар: екі жолаушы және 70 жастан асқан пойыз кондукторы. Олар ауруханаға жатқызылды. Алынған жарақаттары олардың өміріне қауіп төндірмейді.
Полиция 37 жастағы ер адамды кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен сол жерде қамауға алды. Қаскүнемді қамауға алған кезде оның жанында үш пышақ болған.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
