23.07.2023, 13:31
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда тауда аттан құлап, ес-түссіз қалған қыз құтқарылды
Ол тікұшақпен ауданаралық ауруханаға жеткізілді
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында тауда зардап шеккен қызды құтқаруға тікұшақ барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай аудандық дәрігерлері ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды.
1996 жылы туған қыз тауға шығып бара жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, ес-түссіз болған.
Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтады. Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тікұшақпен Қатонқарағай ауданаралық ауруханасына жеткізді.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды