Колумбияда тау опырылып, 14 адамның өмірін қиды

Azattyq Rýhy

Тағы 20-ға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Колумбияда тау опырылып, 14 адамның өмірін қиды

Колумбияның орталығында тау топырағының құлауы салдарынан кемінде 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Associated Press хабарлауынша, бұл туралы Кудинамарка департаментінің губернаторы Николас Гарсиа Бустос Twitter-де мәлім еткен.

«Бүгінгі таңда оқиға орнынан 14 адамның денесі табылды, 6 адам тірі табылып, медициналық мекемелерге жеткізілді», - деп жазды ол.

Құтқарушылар оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.

Белгілі болғандай, тағы 20-ға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Айта кетсек, бірнеше күн қатарынан толассыз жауған нөсер жауын салдарынан тау жыныстары қозғалып, соның соның салдарынан жергілікті өзендер арнасынан асып кеткен. Топырақ көшкіні Наранхал ауылында болған.

Еске салайық, Оңтүстік Кореяда нөсер жауыннан кейін болған су тасқынынан көз жұмғандар саны 40-тан асып кетті

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.