$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2020, 09:44
Жаңалықтар

Қарағандыда коронавирус жұқтырған екі адамның кім екені анықталды

Ауру жұқтырған науқастардың бесеуі де елімізге шетелден келген

Қарағандыда коронавирус жұқтырған екі адамның кім екені анықталды

Қазақстанда соңғы тәулікте COVID-19 коронавирусын тағы 5 адамның жұқтырғаны бұған дейін айтылған болатын. Олардың екеуі Қарағандыда, үшеуі Алматыда тіркелген.

Қарағандыда ауырған екі адам Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген. Алматыда ауырған үш науқас та шетелден келгені анықталды.

«Қарағандыдағы екі жағдай бойынша, олар №0324 Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген жолаушылар. Бірі – 1971 жылғы, екіншісі – 1972 жылғы азаматтар. Ал, Алматыда 1982 жылғы және 1979 жылғы әйел адамдар елге Берлиннен ұшып келсе, 1997 жылғы азамат Франциядан келді. Олардың барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті, қайтыс болғандар жоқ», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілді.

Серіктес жаңалықтары