20.03.2020, 09:14
Жаңалықтар
Қарағандыда коронавирус жұқтырған екі адам анықталды
Елімізде аталған вирусты жұқтырғандар саны 49 адамға жетті
COVID-19 жаңа коронавирусы Қарағандыға да жетті. Мұнда аталған ауруды екі адам жұқтырған деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері соңғы тәулікте Алматыда да тағы үш адамның вирус жұқтырғаны анықталғанын айтты.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды каласында - 2 адам, жалпы 49 науқас тіркелді», - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. Ал, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 19 наурызда карантин енгізілді.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды