$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2020, 09:51
Жаңалықтар

Жұма күні ауа райы қандай болады: синоптиктер болжамы

Бүгін солтүстік және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады

Жұма күні ауа райы қандай болады: синоптиктер болжамы

Жұма, яғни 20 наурыз күні елімізде циклондар және олармен байланысты фронталды бөліктердің әсерінен солтүстік және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады. Яғни, оңтүстікте жаңбыр жауса, солтүстік аумақтарда жаңбыр және дымқыл қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромерт» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Республикамыздың орталығы, солтүстік-шығысы және шығысына антициклон әсер еткендіктен, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің кей аумағында жел күшейеді, тұман сақталып, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, кей жерінде тұман түседі. 

Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Манғыстау облыстарының кей аумақтарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. 

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болады. 

Ақтөбе облысының кей аумағында көктайғақ күтіледі.

Серіктес жаңалықтары