20.03.2020, 10:03
Жаңалықтар
Олимпиада алауы Жапонияға табыс етілді
Алауды табыстау рәсімі көрерменсіз өтті
Грекия Олимпиада алауын Жапонияға табыс етті. Салтанатты рәсім Афинадағы стадионда өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлемде коронавирустың қарқын алуына байланысты алауды табыстау рәсімі көрерменсіз өтті. Алау эстафетасында Олимпиада чемпиондары Катерина Стефаниди мен Лефтерис Петрунис қатысқан.
Өкінішке қарай, алауды қабылдау рәсіміне жапониялық спортшылар келе алған жоқ. Олар видеохабарлама жіберді. Ұйымдастырушылар театрландырылған қойылымды да көрсеткен жоқ.
Ресми дерек бойынша, Грекия Олимпиада комитетінің президенті мен ХОК мүшесі Спирос Капралос алауды Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Наоко Имотоға ұсынған.
Енді Олимпиада алауы Токионы шарлайды.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды