$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2020, 10:08
Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Тұрғындарға жерасты дүмпуі 2 балл шамасында сезілген

Алматыда жер сілкінді

​Сейсмикалық станциялар желісі бойынша​ 20 наурыз күні 06 сағат 49 минутта Алматыда​ жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

​Жерасты дүмпуінің ошағы ​Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан ​оңтүстікке қарай 137 ​шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.9. Магнитудасы 5.1 MPV. Эпицентрдің координаттары 41,99 ° N 77.19 °. ​

Жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл шамасында сезілді. Полиция департаментінің ЖБО мәліметтеріне сәйкес, патрульдік​ учаскелерде зақым болған немесе қираған жағдай туралы ақпарат түспеген.

​«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталмаған.

Серіктес жаңалықтары